ҒЫЛЫМИ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ САРАПТАМА ЖҮРГІЗУ НОРМАШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢІ ЕСЕБІНДЕ

Авторлар

  • Рамазан Құмарбекұлы Сәрпеков Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_70_3_13

Кілт сөздер:

нормашығармашылық процесс, ғылыми сараптама, ғылыми лингвистикалық сараптама, құқықтық-ұйымдастырушылық негіздер, уәкілетті ұйым, заңнамалық талаптар мен қалыптасқан практика

Аңдатпа

Қазақ тілінде норма шығару Қазақстан Республикасындағы нормашығармашылық процестің өзекті мәселесі болып табылады. Қазақстан Республикасындағы қостілділік жағдайында тек орыс тіліндегі нормашығармашылық практикасының басым болуы түрлі объективтік себептерге байланысты екені баршаға аян. Дейтұрғанмен бұл салада да мемлекеттік тілде норма шығару тәжірибесі баршылық. Сондықтан оның ауқымы мен сапасын арттыру бүткіл мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалармен қатар, қоғам алдында да тұрған келелі мәселе.

Мемлекеттік органдардың түрлі норма шығару тәжірибесінде қарапайым және қайталанбалы, тұрпатты, жеңіл және жай лексикалы,  құқықтық салдары аз құрамдағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер шығару үдерісі негізінен тек ведомстволық ауқымды қамтиды. Сондықтан оның құқықтың және өзге де салдары көпшілік мүддесін қозғамауы мүмкін. Ал кодекс, конституциялық заң, шоғырландырылған заң және қарапайым заң сияқты құқықтық актілер мемлекет пен қоғамның мүддесін қамтитын болғандықтан құқықтық жағынан да, тілдік жағынан да мінсіз болуы шарт. Мұндай шарт қолданыстағы заңнамада айқындалған. Сондықтан заңнамалық актілердің құқықытық және тілдік сапасын қамтамасыз етуде, атап айтқанда олардың казақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалылығын қамтамасыз етуде ғылыми лингвистикалық сараптама ерекше орын алады. Мақаланың объектісі ретінде ғылыми лингвистикалық сараптаманың жай-күйі мен оның перспективасының кейбір аспектілері қарастырылады.

##submission.authorBiography##

##submission.authorWithAffiliation##

заң ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

##submission.downloads##

Жарияланды

29.09.2022

##submission.howToCite##

Сәрпеков, Р. Қ. (2022). ҒЫЛЫМИ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ САРАПТАМА ЖҮРГІЗУ НОРМАШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢІ ЕСЕБІНДЕ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(70). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_70_3_13