ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫҢ ТИІМДІЛІГІН ҚОҒАМДЫҚ МОНИТОРИНГТІ ІСКЕ АСЫРУ АЯСЫНДА ТАЛДАУ

Авторлар

  • Сергей Иванович Климкин
  • Әсел Ғабиденқызы Қазбаева

DOI:

https://doi.org/10.52026/1994-408X_2020_62_4_132

Кілт сөздер:

құқықтық мониторинг, қоғамдық мониторинг, нормативтік құқықтық актілер, Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, «Атамекен» ҚР ҰКП

Аңдатпа

«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК Құқықтық мониторинг орталығымен «Қоғамдық мониторинг: жай-күйі және даму перспективалары» тақырыбы бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу жүргізеді.

Осы зерттеу шеңберінде нормативтік құқықтық актілерге және құқық қолдану практикасына қоғамдық мониторинг жүргізу арқылы құқықтық мониторингті жетілдіру жөніндегі мәселелер; қоғамдық мониторинг саласындағы заңнаманы талдау, сондай-ақ азаматтық қоғам субъектілерін құқықтық реттеу және олардың құқықтық мониторинг жүргізу кезінде қатысуы қаралады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында қолданыстағы заңнаманы жүйелеу, заңнама салалары бөлінісінде одан әрі шоғырландыру, оны ескірген және қайталанатын нормалардан босату, құқықтық реттеудегі олқылықтардың орнын толтыру, қолданыстағы құқықтағы ішкі қайшылықтарды жою; заңдардағы сілтеме нормаларды барынша азайту және нормашығармашылық қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында Конституцияға сәйкес заңнамалық актілер қабылдануы мүмкін мәселелер шеңберінде тікелей қолданылатын заңдарды қабылдау практикасын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттігі туралы атап өтіледі[1].

Тұжырымдамада көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу, Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың 2019 жылдың маусым айында сайлауалды тұғырнамасында[2] атап өткеніндей, қоғам мен мемлекеттің қызметке алғашқылардың белсенді қатысуымен тиімді өзара іс-қимылымен сүйемелденуі тиіс.

Сонымен бірге, қоғам мен билік арасындағы сәтті өзара іс-қимыл тек құқықтық мемлекет аясында ғана мүмкін болатындығын атап өткен жөн, онда азаматтық қоғамның барлық институттары билік өкілеттіктері бар органдармен және лауазымды тұлғалармен тең диалог жүргізеді. Халық өмірінің барлық салаларын, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын айқындайтын норма шығару процесінің сапасы мемлекеттің қоғам проблемаларын қаншалықты «еститініне» байланысты.

Қоғамдық мониторинг қоғамдық бақылаудың талап етілетін нысандарының бірі болғандықтан, бұл зерттеуде азаматтық қоғамға мемлекеттік органдардың қызметін бақылауға мүмкіндік беретін жаңа демократиялық институт ретінде қоғамдық бақылауды жүзеге асырудың негізгі ережелері мен тетігі де зерттелетін болады. Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер көбінесе мониторинг, бақылау және бағалау ұғымдарын бір-бірімен алмастыратынын атап өткен жөн.

Бұл мақала «Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында кемшіліктердің, қайшылықтардың, сәйкессіздіктердің, олқылықтардың болуы тұрғысынан талдауға, сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы жүргізетін қоғамдық мониторинг мәселелеріне арналған. Шынында да, құқықтық мемлекеттегі бақылау нысаны ретінде әлеуметтік мониторингтің тұжырымдалған теориялық және құқықтық сипаттамалары оның құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам тұжырымдамасымен байланысын айтарлықтай көрсете алады.

 

[1] «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығы // «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі  [Электрондық ресурс]. URL: http:adilet.zan.kz

[2] «Қазақстан Республикасы Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 27 Жарлығы // [Электрондық ресурс]. URL:http:akorda.kz

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2020

##submission.howToCite##

Климкин S. I., & Қазбаева A. G. (2020). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫҢ ТИІМДІЛІГІН ҚОҒАМДЫҚ МОНИТОРИНГТІ ІСКЕ АСЫРУ АЯСЫНДА ТАЛДАУ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(62). https://doi.org/10.52026/1994-408X_2020_62_4_132

Журналдың саны

Бөлім

Құқықтық мониторинг