МАМАН МЕН СОТ САРАПШЫСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАТТАРЫН ІСКЕ АСЫРУ: ПРОБЛЕМАЛАР МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАР. 1 бөлім.
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_71_4_146Кілт сөздер:
қағидаттар, қылмыстық процесс, маман, сот сарапшысы, бас тарту, шетелдік маманАңдатпа
Қазақстандық қылмыстық іс жүргізу заңнамасында қылмыстық сот ісін жүргізудің маңызды басшылық бастаулары бекітілген, олар адамның қылмыстық жауаптылыққа тартылуы кезінде оның іргелі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Сондықтан да, адамның сотқа қағидаттары деп аталатын басшылыққа сәйкес келмеуі қылмыстық сот ісін жүргізу процесінде барлық әрекеттер мен шешімдердің заңсыздығына алып келеді. Ұсынылған зерттеуде автор маман және сот сарапшысы сияқты ерекше процедуралық фигураның қызметіндегі қылмыстық процестің қағидаттарын сақтау туралы өзекті мәселені зерттеді. Бұл адамдардың ерекшелігі-олар сотқа қылмыстық іс бойынша заңды, әділ және негізделген шешім қабылдауға көмектесетін белгілі, арнайы білім мен дағдыларға ие болуы болып табылады. Зерттеудің көлемді мазмұнды болуына байланысты, ол екі бөлімге бөлінді. Оның бірінші бөлімі маманның қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық базаны талдауға арналған. Сот сарапшысы қызметінің негізгі мазмұны ашылған жүргізілген зерттеу нәтижелері екінші бөлімде баяндалатын болады. Маманның құқықтық мәртебесі мен өкілеттігін регламенттейтін Қазақстанның Қылмыстық іс жүргізу заңнамасын талдау төмедегі мемлекеттік органдарға жатпайтын маманмен салыстырғанда «Қазақстан Республикасы құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органының уәкілетті бөлімшесінің қызметкері» маман үшін негізсіз артықшылықтар бар екенін көрсетті. Қылмыстық сот ісін жүргізуде қылмыстық қудалау органдарына айқын ведомстволық қатысы бар мамандардың болуы Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген сот төрелігі қағидатына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде бекітілген қылмыстық процесс қағидаттарына қайшы келеді. Жүргізілген зерттеу негізінде қылмыстық қудалау органдарына жататын маманның өкілеттіктерін негізсіз кеңейтуді жою жөніндегі шаралар, сондай-ақ қылмыстық сот ісін жүргізуде объективті шындықты белгілеу жөнінде ұсыныстар ұсынылады.