ДЕЛИКТЛІК ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДА ӘЛСІЗ ТАРАПТЫ ҚОРҒАУДЫҢ ДҮНИЕТАНУ ТАБИҒАТЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ МӘНІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_65_2_53Кілт сөздер:
деликт міндеттемелері, объективті факторлар, субъективті факторлар, адамның өзіндік құндылығы, күш парадигмасы, диалог парадигмасыАңдатпа
Бұл мақала әлсіз тарап категориясын дүниетанулық пен әлеуметтанулық түсінуге, оның деликтлік және де басқа құқықтық қатынастардағы қорғауна арналған. Белгіленген категорияларды түсіну үшін дүниетаным мен әлеуметтану әдіснамалық мәнге ие: теориялық тұрғыдан алғанда, олар зерттеушінің, заң шығарушының және құқық қолданушының ойлауы мен мінез-құлқын осы категориялардың идеалының танымдық моделіне бағыттайды; іс жүзінде олар осы субъектілерді бағдарламамен (алгоритммен), келісім-шартсыз және шарттық құқықтық қатынастарда әлсіз жақтың максималды қорғалуына қол жеткізудің әдістері мен тәсілдерінің жиынтығымен қамтамасыз етеді, сонымен бірге біз шынайы білім деп санайтын нәрсеге қарсы емес.
Осы жұмыстың негізгі ережелері: а) антитезіндегі күш пен әлсіздік категорияларын сәйкестендіру; ә) әлсіз тарап және оны қорғау категорияларды адамның өзіндік құндылығы идея ұғымынаң туынды (жеке) сипаттамасын негіздеуі мен қорытындылауы; б) әлсіз тарапты қорғау идеясын санаттау, оның заңды формализациясы деген дәлелді мәлімдеменің мақсаты дау тақырыбын шешуді дәстүрлі күш парадигмасынан өркениеттік (құқықтық) диалог парадигмасына ауыстыру; в) адамды күшті немесе әлсіз субъект, субъект немесе мемлекет және басқа субъектілер тарапынан қорғауды және басқару күтетін объект ретінде ықпал ететін объективті және субъективті факторладың сипаттамасы.
Автор Қазақстанда және басқа да дамушы елдерде бұл мәселелер байыпты ғылыми таным мен философиялық түсініктен тыс қалып, осы зерттеу тақырыбын алдын ала анықтағанын негізге алады.