«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРҒАНЫСЫ ЖӘНЕ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕСІНЕ (ЗАҢНАМА МОНИТОРИНГІ)
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_65_2_134Кілт сөздер:
құқықтық мониторинг, құқықтық талдау, Қарулы Күштер, қорғаныс, әскери қызмет, қорғаныс, әскери қызметАңдатпа
1993 жылғы 9 сәуірде мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа да құжаттарды одан әрі әзірлеу үшін негіз болған «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Заң қабылданды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаев 1997 жылғы 16 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында: «көршілермен сенімді және достық қарым-қатынаста болу үшін, өз тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы мықты мемлекет болуы тиіс», - деп атап өтті .
2005 жылы елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуді жалғастыру үшін «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» жаңа заң (бұдан әрі – Заң) қабылданды.
Қазақстан қолайлы сыртқы саяси жағдайларға тап болып, әлемнің барлық ядролық державаларынан қауіпсіздік кепілдігін алды, сондай-ақ 1992 жылғы Ташкент шарты, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), ҰҚШҰ және басқалары негізіндегі әскери-саяси блоктың қатысушысы болып табылады, Еуропа және Азия елдерімен қарым-қатынастарын белсенді дамытуда.
Осылайша, әлемдік геосаяси даму, әскери-саяси жағдайдың динамикасы, жаһандық халықаралық, аймақтық және ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлер эволюциясы, жетекші мемлекеттердің әлемнің қалыптасып келе жатқан саяси картасында үстем жағдайды қамтамасыз етуге деген ұмтылысымен қатар, әскери мамандар мен әскери-ғылыми қоғамдастықтың әскери салада болып жатқан өзгерістерді барабар қабылдауын және осы негізде мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды әзірлеуді қажет етеді.
Зерттеу авторлары қолданыстағы заңды, сондай-ақ қорғаныс пен әскери қызметті реттейтін заңнаманы талдап, оның тиімділігі туралы қорытындыға келді. Олар жекелеген қарама-қайшылықтар мен кемшіліктерді анықтады: әскери полицияны арнайы әскерлерге жатқызу, «соғыс уақыты» ұғымын редакциялау, «отбасы мүшесі» ұғымын кеңейту, «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысын жоюға қою және т. б.